Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Astana FINANCE DAYS 2021» жыл сайынғы конференциясына тіркелу ашылды.
Astana Finance Days (AFD) – бұл «Астана» халықаралық қаржы орталығы жыл сайын өткізетін өңірлік қаржы форумы. 2018-2020 жылдары AFD әлемнің 100 елінен 13 000-нан астам қатысушыны жинады. 2020 жылы форумға 100-ден астам елден 5 000-нан астам тіркелген қатысушы қатысты.
1-3 шілдеде АХҚО-ның негізгі стейкхолдерлері мен серіктестері нарықтарға дағдарыстан қалыпқа келуге мүмкіндік беретін инновациялық өнімдер мен қызметтерді ұсынады.
«Өсуді қалпына келтіру» жалпы тақырыбына арналған онлайн-конференция бағдарламасы келесі іс-шаралардан тұрады:
- Fin&Tech Summit:
- Visa сессиялары
- Mastercard сессиялары
- Fin & Tech
- Business Connect Форумы
- Жасыл өсу форумы
- Макроэкономикалық форум
- Әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту форумы
- Білім беру технологиялары форумы
- АХҚО құқық конференциясы
- Ислам капитал нарығы жөнінде ISFB-AIFC семинары және т.б.
Онлайн-конференцияның спикерлері мен қатысушылары қатарында жергілікті және шетелдік мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, бизнестің, кәсіби және ғылыми қоғамдастықтың және т.б. өкілдері болады.
Өңірдегі ең ірі іскерлік онлайн-іс-шаралардың біріне тіркеліп, ол туралы достарыңызға айтыңыз.
Толық ақпарат сайтта қолжетімді.