Алдағы екі жылда Алматыда 22 мектеп ашылады

22 Желтоқсан 2023, 02:28
481
Бөлісу:
Алдағы екі жылда Алматыда 22 мектеп ашылады
Фото: архив

Биыл Президенттің тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру басталды. Алматыда 2024-2025 жылдары 37,1 мың орынды 22 мектеп ашу жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда 23,1 мың орынды 13 мектептің құрылысы басталды. Жеке инвесторлармен 12 мың оқушы орнына 8 мектеп салуға және сатып алу бойынша меморандумға қол қойылды, – деп жазылған әкімдіктің хабарламасында.

Сонымен қатар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша 2 мың орынға 1 мектеп салынады.

Өзгелердің жаңалығы