Қазақстан бойынша 2023 жылғы 11-13 мамырға арналған ауа райы болжамын "Қазгидромет" РМК жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстанның басым бөлігінің ауа-райын Оңтүстік циклон айқындайтын болады, жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі.
11-12 мамырда батыста, 12-13 мамырда солтүстік-батыста, солтүстікте, 13 мамырда еліміздің орталығы мен шығысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, оңтүстік өңірлерде - шаңды дауылдар.
Республика бойынша температуралық фонның төмендеуі болжануда.
Солтүстік және шығыс аймақтарда түнгі уақытта 2 градусқа дейін үсік күтіледі. Күндізгі уақытта еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасы 5-15 жылыға дейін төмендеуі болжанады.