Алдағы 3 жылда елімізде 200-ден астам Отбасын қолдау орталығы ашылады

21 Желтоқсан 2022, 16:12
1119
Бөлісу:
Алдағы 3 жылда елімізде 200-ден астам Отбасын қолдау орталығы ашылады

Бұл туралы Сенат депутаты, төраға орынбасары Ләззат Сүлеймен Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, ел аумағында алдағы 3 жылда 200-ден астам Отбасыны қолдау орталықтары ашылады деп жоспарланып отыр. 

Отбасыны қолдау орталықтарын құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазір елде мұндай 34 орталық жұмыс істеп тұр. Алайда бұл жеткіліксіз. 2025 жылға дейін 234 Отбасын қолдау орталығын ашуды жоспарлап отырмыз. Әрине, бұл қосымша қаражатты талап етеді, - деп атап өтті сенатор. 

Сондай-ақ ол депутаттар отбасы институтын күшейтуге бағытталған заң жобасын ұсынғанына тоқталды. Бұл заң жобасы алдағы уақытта қаралып, қабылдануы мүмкін.  

Еске сала кетейік, бұған дейін депутат биыл Қазақстан гендерлік теңдік бойынша 65-орынға көтерілгенін айтқан болатын. Айта кетерлігі, былтыр еліміз бұл көрсеткіште 80-ші орынды иеленген. 

Өзгелердің жаңалығы