Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

3 Шілде 2019, 14:25
1395
Бөлісу:
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет РМК 4-6 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстанның батысы мен солтүстігінің кей жерінде қатты жаңбыр тудырған биіктегі циклон Батыс Сібірге баяу жылжып, толтырылады.

Тропосфералық ағындар ендікке ауыса бастайды, яғни ауа массалары Атлантикадан келе бастайды. Сондықтан еліміздік солтүстік бөлігінде жаңбыр әлі де сақталып, ал республиканың оңтүстігі жоғары атмосфералық қысымда болады. Сондықтан солтүстік өңірлерде орташа көпжылдық мәнге жуық ауа температурасымен жылы ауа райы күтіледі.

Оңтүстікте ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болжанғанымен, бірақ 40 градустық ыстық күтілмейді.

Өзгелердің жаңалығы