Алдағы үш күнде қар жауып, бұрқасын болады

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;"Қазгидромет" РМК синоптиктері&nbsp;26-28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.</h4>

25 Желтоқсан 2019 2019, 13:46
АВТОР
 25 Желтоқсан 2019 2019, 13:46
25 Желтоқсан 2019 2019, 13:46
3057

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 26-28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Республиканың Шығыс облыстарына Батыс Сібірден суық атмосфералық фронттар ығысады, ал оның артынан кезекті антициклон Карск теңізі аймағынан жылжиды. Фронт бұрқасынмен қар жауу, ал антициклон суытуды тудырады. Ал Қазақстанның Батыс жартысына Қара және Жерорта теңіздерінен атмосфералық фронттармен жылы және ылғалды ауа келеді, - делінген хабарламада.

Сондықтан мұнда ауа температурасының көтерілуі, сондай-ақ жауын-шашын, тұман, көктайғақ, кей жерлерде күшті жел және бұрқасын болады.



Наверх