Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде "Қазгидромет" мамандары алдағы қысқа болжам жасады.
Гидрометорталықтың директоры Марина Шмидт Қазақстанның облыстары бойынша ауа райындағы өзгерістер немен байланысты екенін егжей-тегжейлі түсіндіріп, 2020 жылғы көктемгі ауа райы туралы айтты.
"Маусымдық болжам орташа есеппен 60-65%-ды ғана ақтап отыр, сондықтан, маусымдық болжамды консультативті түрде пайдаланған абзал. Бұл кейіннен айлық, онкүндік, апта бойынша ауа райы болжамдарымен нақтыланады", - деді спикер.Айта кетсек, маусымдық болжам бойынша ауа температурасы мен жауын-шашынның толық анализі, нормадан тыс немесе ауа температурасының күрт өзгеруін білдіреді.