Алда күрделі кезең тұр, ауру өрши түседі – Алматы әкімі

19 Қараша 2020, 10:25
2141
Бөлісу:
Алда күрделі кезең тұр, ауру өрши түседі – Алматы әкімі

Алматы, BAQ.KZ.  Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тікелей эфирде өткен Akimat Live бағдарламасында кәсіпкерлерді ынтымақтастық танытуға және карантиндік шектеулерді қатаң сақтауға шақырды.

Қала тұрғындарының сұрақтарына жауап бере отырып, Сағынтаев 32 монторингтік топ белгіленген шектеулердің сақталуын қадағалайтынын еске салды. 8 қазаннан 17 қараша аралығында 444 рейд жүргізілген, нәтижесінде 3,6 мыңға жуық нысан тексерілді.

Тексеру барысында 828 нысанда (22,5%) заңбұзушылықтар анықталды, 90 заңды тұлғаға 28,7 млн теңге көлемінде 453 әкімшілік айыппұл салынды. Маска режимін бұзған жеке тұлғаларға 15,5 миллион теңге айыппұл салынып, 374 әкімшілік құқық бұзушылық хаттама толтырылды.

Алда күрделі кезең тұр, ауру өрши түсетін болады. Вакцина пайда болғанша біз санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға тиіспіз, - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

Мегаполис әкімі ойын сауық және қоғамдық тамақтандыру салаларында жұмыс жасайтын ШОБ өкілдерін осынау күрделі кезеңде ынтымақтастық танытуға бір қадам жасауға шақырды.

Егер біз бірімізге-біріміз көмектеспесек, бұзушылықтар жалғасады, яғни коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны артатын болады. Сондықтан алматылық ынтымақтастықты танытып, карантинге қатысты белгіленген жұмыс кестесін сақтау қажет, - деп атап өтті Сағынтаев.

Өзгелердің жаңалығы