Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

<h4> <p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 22-24 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады. </p> <br> </h4>

21 Қаңтар 2020 2020, 18:24
АВТОР
 21 Қаңтар 2020 2020, 18:24
21 Қаңтар 2020 2020, 18:24
2156

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 22-24 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады.

Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында мол мөлшерде қар жауады. Бұрқасын соғып, кей жерлерде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с-тан да асуы мүмкін.

Нұр-Сұлтан қаласында қар жауып, бұрқасын соғады. Көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.

Наверх