Албанияның 3 қаласын су шайып кетті

23 Қараша 2022, 08:45
627
Бөлісу:
Албанияның 3 қаласын су шайып кетті

Албанияда 3 бірдей ірі шаһарды су алып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар24»-ке сілтеме жасап.

Аймақта тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр.  Шкодер қаласында екі адам ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Тасқын жолдарды шайып, көліктер жүре алмай қалды. Кей аудандарда жарық жоқ. Төпелеп жауған жауын іргедегі Косовоны да әбігерге салды. Синоптиктер алдағы күндері жауын-шашын бұдан да күшейеді деп отыр.

Өзгелердің жаңалығы