Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алаяқтық, мәжбүрлі неке, тыйым салынған киім: Мәжіліс не өзгертті?

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
25 Маусым 2025, 13:51
1452
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов палата жұмысын қорытындылай келе, депутаттар қызметінің басты бағыты – "Заң мен тәртіп" қағидатын заңнамалық деңгейде нығайту болғанын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, Мәжіліс елдегі қылмыстық жазалар жүйесін оңтайландыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп, азаматтарды қорғауға бағытталған бірқатар маңызды заңдарды қабылдаған.

Нақты қабылданған шаралар қатарында:

  • интернет-алаяқтықпен айналысатын "дропперлерге" қатысты қылмыстық жауапкершілікті күшейту;
  • некеге мәжбүрлеу әрекеттері үшін жаза енгізу;
  • адамның бет-жүзін тануға кедергі келтіретін киімді киюге тыйым салу бар.

Сонымен бірге Қошанов Мәжілістің тек жазалау шараларына ғана емес, ізгілендіру бағытындағы шешімдерге де басымдық бергенін атап өтті.

Кейбір азаматтардың қателігі қиын өмірлік жағдайда болғандықтан орын алады. Сондықтан есірткі таратушылар мен тұтынушылар арасындағы жауапкершілік деңгейін нақты ажыраттық, – деді ол.

Мәжіліс төрағасының айтуынша, Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасына сәйкес, алғаш рет есірткі жасырып, ұсталған үш мыңнан астам жас азаматтың ісі қайта қаралып, үкімдерін жеңілдету шаралары қабылданып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы