Алаяқтар жалған "салықтық" хабарламалар таратып жатыр

11 Сәуір 2024, 23:18
436
Бөлісу:
Алаяқтар жалған "салықтық" хабарламалар таратып жатыр
Фото: Артём Чурсинов -архив

Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілердің электрондық поштасына хабарламалар жіберуге байланысты алаяқтық фактілерінің жиілеп кеткені туралы ескертеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Комитетке өз электронды мекенжайына "банк шоттарындағы қаражат есебінен бюджетке қарыздарды өндіру туралы" жалған хабарламаларды алған кәсіпкерлер хабарласты.

Дегенмен, салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының хабарламалары салық төлеушіге (салық агентіне) мынадай тәсілдермен жіберілуі мүмкін:

1) пошта арқылы пошта ұйымы арқылы тапсырыс хатпен;

2) веб-қосымшаға және (немесе) арнайы мобильді қосымшаға электрондық тәсілмен;

3) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады.

Комитеттен хабарламаларды жіберудің басқа жолдары қарастырылмағанын атап өтті.

Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды қырағы болуға және қарапайым ережелерді сақтауға шақырады. Ешкім өзінің дербес деректерін, банк картасының деректемелерін хабарламауы, аударымдар туралы түбіртектерді, кодтар мен құпия сөздерді, тіпті өзін мемлекеттік кірістер органдарының, банктердің қызметкерлері болып таныстырған адамдарға және басқа да адамдарға бермеуі және сілтемелер бойынша өтпеуі қажет, - деп ескертті ведомствоның баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы