Алаяқтар рудныйлық зейнеткерден екі миллион теңге талап еткен

29 Қараша 2023, 05:40
396
Бөлісу:
Алаяқтар рудныйлық зейнеткерден екі миллион теңге талап еткен
Фото: архив

Алаяқ өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, зейнеткерден 680 мың теңге алмақ болған. Олардың бұл әрекетіне жергілікті дүкеннің әкімшісі мен полиция қызметкерлері тосқауыл қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Зейнеткердің сөзінше, алаяқтар оған 24 қараша күні таңертең қоңырау шалған.

Ер адам өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, біреу менің есепшотыма несие рәсімдемек болғанын, күдікті операцияның алдын алу үшін қаражат қажет екенін айтып, 2 миллион теңге сұрады дейді қарт әйел.

Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі әжей бастапқыда бас тартып, алаяқтық схемалары туралы білетінін айтқанын атап өтті. Бұған қоса ол қызына телефон соғып, екеуі жұмыс күні банкке баруға келіскен, бірақ қылмыскерлер әйелді несие алуға көндірген.

Олар 2 миллион сұрады, бірақ мен бұрын несие рәсімдеп көрмегендіктен, банк маған 680 мың теңге ғана мақұлдады. Осы ақшаны алып маған терминалдардың біріне баруым керек екенін айтты. Олардың телефон арқылы айтқаны бойынша мен купюраларды сала бастадым, – деді зейнеткер.

Терминалға ақша салып тұрған қарт кісіге дүкен әкімшісінің көзі түседі. Ол купюра қабылдағышты қолымен жауып, алаяқтармен байланысты үзіп, полиция шақырған. Зейнеткер полиция бөлімшесінде өз-өзіне келіп, дүкен әкімшісі мен полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы