Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бір апта бойы алаяқтар Хромтау қаласының тұрғынының атынан 6 млн теңге астам несие рәсімдеген, деп хабарлайды Polisia.kz.
Аудандық полиция бөліміне Хромтау қаласының 43 жастағы тұрғыны алаяқтық туралы арыз берген. Ақпан айында зардап шеккен адамның айтуынша, белгісіз біреу оған банк қызметкері ретінде танысып, жәбірленушіге шотына қауіп төніп тұрғанын айтқан.
Қауіпсіздендіру мақсатында алаяқ жеке деректері мен SMS-парольдерді айтуын сұрады. Жәбірленуші бұдан әрі жалған қызметкердің айтқанын жасаған, бірнеше банкке несие рәсімдеген, бірақ алаяқ оны база арқылы өзі төлеп тұратынын айтқан.
Осылайша, жәбірленуші 6 млн теңгеден астам сомаға несие рәсімдеген, кейінірек ақша үшінші тарап шоттарына аударылғаны белгілі болды.