Алаяқтар адамдарды әлеуметтік желіде қалай алдаған?

14 Ақпан 2022, 12:15
2227
Бөлісу:
Алаяқтар адамдарды әлеуметтік желіде қалай алдаған?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының міндетін атқарушы Рүстем Дүйсетаев дәстүрлі брифинг барысында айтты. 

Түркістан облысының тұрғыны ұсталды, ол Instagram әлеуметтік желісінде қаражатты жарнамалау арқылы алаяқтықпен айналысқан. Бұл ретте алаяқ азаматтарды Caspi Gold картасына 25 мың теңге салған кезде ақша 24 сағат ішінде иесіне қайтарылады деп сендірді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деді ол. 

Дүйсетаев Павлодар облысының тұрғыны адамдарды қалай алдағанын атап өтті.

Ақпан айында OLX сайтында ауылшаруашылық техникалары мен дәнді дақылдарды сату туралы жалған жарнамаларды орналастыру арқылы бірқатар интернет-алаяқтық жасаған Павлодар қаласының 3 тұрғыны анықталып, ұсталды. Ұстау кезінде олардан 20 ұялы телефон, 10 сим-карта, 7 банк картасы тәркіленіп, олардың көмегімен алаяқтық жасалған. Олардың осыған ұқсас 200 қылмысқа қатыстылығы тексеріліп жатыр, - деді Рүстем Дүйсетаев. 

 

Өзгелердің жаңалығы