Өзін дәрігер-студентпін деп таныстырған қыз алаяқ болып шықты

25 Қазан 2019, 19:53
5462
Бөлісу:
Өзін дәрігер-студентпін деп таныстырған қыз алаяқ болып шықты
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда өзін медицина университетінің студенті ретінде таныстырып, білім саласында алаяқтықпен айналысып келген 23 жастағы қыз ұсталды.

1996 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны абитуриенттер мен студенттерді мемлекеттік грантқа оқуға түсіремін немесе грант бөліміне ауыстырамын деп алдап келген.

"Өзін студент ретінде таныстырған ол көптеген жасты оқуға түсіремін деп алдап, ақша алып келген. Ол өз құрбандарын таныстары арқылы тауып отырған. Өзінің делдал жұмысы үшін А. есімді Түркістан облысының тұрғыны 250-300 мың теңге алып отырған. Қазір оның қала бойынша 10 алаяқтық іске қатысы бары анықталып отыр. Біздің тергеу бөлімі қазір сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Суреттегі күдіктіден жәбір көргендер болса мына телефон нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз: 298-53-02 немесе 8-701-255-22-66", - дейді Әуезов ауданы Полиция басқармасының басшысы Әлішер Тұрсынбетов.
74938769_2343076415815232_7868713723626520576_n.jpg
Өзгелердің жаңалығы