Алаяқ алматылықтарды 50 млн теңгеге алдап кеткен

6 Қазан 2022, 20:37
1111
Бөлісу:
Алаяқ алматылықтарды 50 млн теңгеге алдап кеткен

Алаяқ алматылықтарды 50 млн теңгеге алдап кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Алмалы аудандық Полиция басқармасында 26 жастағы А. есімді азаматқа қатысты ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді. 

Ол шаһар тұрғындарын алдады деген күдікке ілінді. Дәлірек айтсақ, А. есімді азамат салған ақшасын пайызбен қайтаруға уәде беріп, түрлі бизнес жобаларға инвесторларды тартқан. Оның әрекетінен келтірілген жалпы шығын 50 миллион теңгені құрады. Жедел шаралар жүргізілді. Күдікті ұсталды. Істі қарау барысында оның осыған ұқсас бірнеше эпизодтарға қатысы бар екені анықталды. Ол 2019 жылдан бері бизнеске ақша саламын деген желеумен жергілікті тұрғындардың ақшасын жымқырған. Қазір зардап шеккендердің нақты саны анықталуда, себебі кейбірі әлі полицияға арыз жазбаған, – дейді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов. 

Тергеу барысында ұсталған адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. 

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы адамның әрекетінен зардап шеккен азаматтарды полиция қызметкерлері Алмалы аудандық ПБ-ға немесе мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: 8-705-555-77-63; 8-775-747-77-78; 8-778-481-19-00.

Өзгелердің жаңалығы