Алаяқ шымкенттікті 500 мың теңгесіз қалдырды

3 Қыркүйек 2021, 02:46
5629
Бөлісу:
Алаяқ шымкенттікті 500 мың теңгесіз қалдырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алаяқ шымкенттікті жарты миллион теңгесіз қалдырды, деп хабарлайды Polisia.kz.

30 тамызда Әл-Фараби АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Онда OLX интернет қосымшасында тұрған жиһазын белгісіз тұлға аламын деп, ұялы телефонына келген хабарламаны сұрап алып, ондағы 500 мың теңге ақшасын басқа есепшотқа аударып алғанын көрсеткен.

Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны жеткізілді.

Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы