Алаяқтар дезинфекция жұмыстарын жүргізу сылтауымен келуі мүмкін – полиция

19 Наурыз 2020, 13:38
1865
Бөлісу:
Алаяқтар дезинфекция жұмыстарын жүргізу сылтауымен келуі мүмкін – полиция

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР-да жарияланған төтенше жағдай режиміне байланысты Ақтөбе облысының Полиция департаменті ақтөбеліктерге қырағы және сақ болуға және алаяқтардың арбауына түспеуге шақырады, деп хабарлады департамент өкілдері.

Бейтаныс адамдарға есікті ашпаңыз, себебі алаяқтар сізге дезинфекция жұмыстарын жүргізу, коронавирусқа медициналық тексеру және т.б. сылтаумен келуі мүмкін. Қазіргі таңда коронавирусқа байланысты алаяқтық фактілері тіркелген жоқ, алайда сізден мұқият болуды сұраймыз.

Осындай жағдайларда дереу 102 телефоны бойынша полицияға хабарласыңыз және осындай тексеру жұмыстары сіздің тұратын ауданыңызда жүргізілетінін немесе жүргізілмегенін анықтаңыз, - делінген таратылған ақпаратта.

2020 жылғы 19 наурыздағы жағдай бойынша Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, коронавирус жағдайы тіркелген жоқ.



Өзгелердің жаңалығы