Қалай көбірек қаражат табуға болады?

28 Мамыр 2020, 15:17
2047
Бөлісу:
Қалай көбірек қаражат табуға болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екінші деңгейдегі банктер ұсынған қызметі үшін комиссияны алып тастауға дайын ба? Осы және өзгеде көптеген сұрақтардың жауабы Forte Digital Week-тің соңғы күні айтылды.

a0eaaab2-1de4-4edb-a5cb-c491cdf27fd5.jpg

Компания үшін банкті таңдау әрқашан сенімділік тудыратыны рас. Кәсіпкерлер бұл процесте барлық банктердегі қызметтерді салыстыра отырып, таңдауды мұқият қарастырады. Бұл орайда шоттар қаншалықты тез ашылады, аударымдар мен ақша алу үшін комиссиялары қандай, интернет-банкингті пайдалану ыңғайлы ма, бөлімде жақсы қызмет көрсетіле ме, төлемдерді шетел валютасымен қабылдауға бола ма деген сынды сауалдарды сарапқа салады.

Бар-жоғы бес жыл бұрын Forte активтері бойынша отыз банктің қатарына кіретін болса да, ірі компаниялар бізбен жұмыс істеуге шешім қабылдауы мүмкін емес сияқты көрінетін. Алайда, біз бұны жүзеге асыру үшін бәрін жасадық. Бүгінгі таңда біз еліміздегі үшінші ірі банкпіз және ірі компаниялармен жұмыс істейміз. Өткен жылы бизнес-шоттарды басқаруға арналған жаңа интернет-банкингті іске қостық. Енді оның клиенттерімізге ұнайтынына көз жеткіздік. Бір жылдың ішінде бұл жүйеге 16 000 кәсіпкер жүгінді, - деді жобалық кеңсенің жетекшісі Елдос Кирбасов.

Осы жылдан бастап кәсіпкерлер филиалға бармай-ақ өздерінің шотын ашуға өтініш бере алады. Жаңартылған интернет-банкинг арқылы тұтынушы өз шотындағы валютаны қазынадан жеке бағам бойынша айырбастай алады. Осының бәрін пайдалану кәсіпкерлерге тиімді болуы үшін банк өзінің жаңа тарифтік топтамаларын ұсынады. Олар барлық тиімді қызметтерді қамтиды: карта, шот, эквайринг, аударымдар және басқалар.

Өткен жылы шығарылған және кәсіпкерлердің қызығушылығын тудырған тағы бір ыңғайлы өнім – ForteKassa. Бұл сіздің сауда нүктелеріңізді автоматтандырады, сонымен қатар кассалық операцияларды, жұмысшыларды, қойманы бақылауға, кірістерді көруге және жеке кабинеттегі аналитиканы тексеруге мүмкіндік береді. Мұның барлығы, яғни кассалық аппарат, чекті басып шығарғыш және POS-терминал бір құрылғыға біріктірілген. Сатушылар үшін ең оңтайлы қызмет, - деді Елдос Кирбасов.
fefe1ea1-000a-482d-92cb-afd0631be0ce.jpg

Бұл құрылғы қазақстандық кәсіпкерлер арасында өте танымал болды және биыл оған аралас төлем, кассалық аймақтағы жеңілдіктер және мобильді қосымшадан тауарларды қабылдау сынды жаңа функциялар қосылды.

Көптеген қызметкерлер жұмыс істейтін, әрқайсысы төлем қабылдауы керек кәсіпорындар үшін біз әрбір POS-терминалды сатып алмау үшін оңай және тиімді шешім қабылдадық. Бұл – NFC-модулі арқылы смартфонды контактісіз төлемдерді алуға арналған құрылғыға айналдыратын Tap on Phone технологиясы. Бұл үлкен желілерге, мысалы, таксиге, жеткізілімге, мейрамханаларға және үлкен кассаларды қажет етпейтін бизнес түрлеріне де, шаштараздарға немесе гүл сатушыларға да өте ыңғайлы, - деп түйіндеді сөзін Елдос Кирбасов.

Осыдан бір жыл бұрын Forte экожүйесі Forte Market сандық дүкенімен толықтырылған, ол кішкентай электроникадан үй жиһазына дейінгі мыңдаған түрлі өнімдерді сатады.

Қазірдің өзінде сайтта 200-ден астам сатушы бар, олар 100-ден астам санаттағы 100 мыңға жуық тауар бірлігін ұсынады. Мұнда онлайн түрде тұрмыстық техниканы,гаджеттерді, автомобиль аксессуарларын, спорт жабдықтарын және тағы басқаларын сатып ала алуға болады.

Сондай-ақ, бизнесті алға жылжыту үшін кәсіпкерлер Forte маркетингтік ресурстарын – сайттағы жарнамалар, push-хабарламалар, әлеуметтік желілердегі және басқа арналардағы жарнама туралы алады. Бұл көп адам өз бизнесі туралы мүмкіндігінше көп білуі үшін қажет.

Өзгелердің жаңалығы