«Алатау жауһарлары» көрмесі ашылды

13 Мамыр 2021, 19:41
2390
Бөлісу:
«Алатау жауһарлары» көрмесі ашылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы кітапханасында суретші Анар Әбжанованың «Алатау жауһарлары» атты жеке көрмесі ашылды.

Бұл іс-шара Тұңғыш Президент күніне арналған көрмелер сериясының шымылдығын түрді. Сондай-ақ Елбасы кітапханасының жинағында тұрған танымал авторлардың шығармашылығын насихаттауға бағытталған «Тәуелсіздіктің мәдени коды» жобасы аясында ұйымдастырылды.

«Алатау жауһарлары» көрмесі ашылды

Тақырыптық көрме үшін қылқалам шебері арнайы 30-дан астам сурет салған. А.Әбжанованың туындыларынан оның шеберлігін ғана емес, туған өлкесіне деген сүйіспеншілігі мен табиғатқа таңданысын да аңғаруға болады. Суретші өзінің шығармашылығы арқылы көрерменді табиғатты бағалауға және қорғауға шақырады.

«Алатау жауһарлары» көрмесі ашылды

Іс-шараға шет мемлекеттердің елшілері мен дипломатиялық корпустарының өкілдері, суретшілер, өнертанушылар мен өнер қайраткерлері, ҚазҰӨУ көркемсурет факультетінің оқытушылары, Нұр-Сұлтан қаласындағы Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы мен «AVANGARD» көркемсурет мектебінің педагогтары мен оқушылары қатысты.

«Алатау жауһарлары» көрмесі ашылды


Анар Әбжанованың еңбектерінде Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының мазмұны шығармашылық негізде көрініс тапқан. Н.Ә. Назарбаевтың мақалалары өнер тілінде жақсы суреттелген. Бүгін мұнда бейнелеу өнерін бағалайтын жандар жиналды. Осы жердегі көздің жауын алатын керемет дүниелерді Анар бүгінгі көрме үшін арнайы салды, – деді көрменің салтанатты ашылуында Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат.

Ол авторға «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» кітабын тарту етті.

«Алатау жауһарлары» көрмесі ашылды

Жас суретшінің байсалды мінезі туралы айта келе, ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы У.Черчилльдің сөзін келтірді.

«Мүмкін емес – бұл ақымақтар сөздігінен алынған сөз». Анарды бірінші курстан жақсы білемін, өте жақсы оқып, күні-түні шеберханада тынымсыз еңбек етті. Бұл, әрине, өз жемісін берді. Сол кездің өзінде ол халықаралық деңгейге шықты, түрлі конкурстардың бас жүлдесін жеңіп алды, көрмелерге қатысты. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы үшін бұл үлкен мақтаныш, студенттер үшін мотивация болды, – деп атап өтті А.Мұхамедиұлы.

А.Әбжанованың ұстазы, суретші-кескіндемеші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Арыстан Смағұловқа шәкіртіне сәттілік тіледі.

Анар Әбжанова сияқты шебердің қалыптасуына өз үлесімді қосқанымды мақтан тұтамын. Жас кезінен бастап ол өз шеберлігін шыңдап, көп жұмыс істеді. Тынымсыз еңбегінің арқасында Қазақстаннан тыс жерлерде көрмелер өткізіп жүр. Анар – өте еңбекқор да талантты адам. Оған тек шығармашылық табыстар тілеймін – деді ол.

«Алатау жауһарлары» көрмесі ашылды

Гүлдер бейнесі – сиқырлы қысқы және қалалық пейзаждармен қатар суретшінің шығармашылықтағы сүйікті тақырыптардың бірі. Суретшінің айтуынша, қазақстандық қызғалдақтар тақырыбына арналған жұмыстар топтамасын жасау идеясына Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы шабыт берген. Онда Н.Ә. Назарбаев Қазақстан алма мен қызғалдақтың тарихи отаны екенін атап өткен. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жылында Елбасының бағдарламалық мақаласының мазмұны «қарапайым, бірақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңызы зор» қызғалдақтарға арналған жұмыстардың жарық көруіне мұрындық болды. Н.Ә. Назарбаевтың «өсімдіктер әлемінің жауһары» атаған Грейг қызғалдақтарының әсемдігі Анар Әбжанованы Іле Алатауына шыққан кезде таң қалдырған. Грейг қызғалдақтары бейнеленген жұмыстар циклі Регель, Колпаковский қызғалдақтарының суреттерімен толықтырылған.

Биылғы жылы суретшінің шығармашылығына 20 жыл толады. Анар Әбжанованың «Әлем – арман қанатында» атты алғашқы жеке көрмелерінің бірі 2012 жылы Елбасы кітапханасының алаңында (Тұңғыш Президент музейінде) «Үкілі үміт» шығармашыл жастарды қолдау жобасы аясында өткізілген болатын.

Тауларда өсетін қызғалдақтардың гүлдеген сәтін екінің бірі көре алмайды. Бұл сирек кездесетін құбылыс. Сұлулығына тіл жетпейді. Мен осы кереметті көріп, қағазға түсіре алдым. Табиғаттың өзі маған сенім артқандай. Өз суреттерім арқылы табиғатқа, Қазақстан таулары мен даласының бірегей сұлулығына ұқыпты қарауды насихаттағым келеді. Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді жоймай, керісінше сақтап қалуды сұраймын, – деді Анар Әбжанова.

Көрме барысында суретшінің шеберлік-сыныбы мен автограф-сессиясы өтті.

Көрме 11 маусымға дейін жалғасады. Көрме материалдарымен Елбасы кітапханасының сайтындағы «Көрмелер», «Жобалар» бөлімінен танысуға болады.

Өзгелердің жаңалығы