Алан Құрманғалиев Аммандағы үстел теннисі турнирінде алтын медаль жеңіп алды

26 Тамыз 2023, 10:05
785
Бөлісу:
Алан Құрманғалиев Аммандағы үстел теннисі турнирінде алтын медаль жеңіп алды
Фото: ҚТФ баспасөз қызметі

Қазақстандық Алан Құрманғалиев Амманда (Иордания) өткен WTT Youth Contender Amman 2023 ірі үстел теннисі турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Ол 17 жасқа дейінгі категорияда алтын медаль жеңіп алды.

Алан барлық қарсыласын 3:0 есебімен жеңді: Исса Аль-Шамма (Иордания), Хади Абуалрахи (Сауд Арабиясы), Али Альхауэй (БАӘ), Ахмед Корани (Катар), Ясин Габер (Мысыр), Бадра Мостафа (Мысыр). ).

Өзгелердің жаңалығы