Алакөлде триатлоннан алғашқы ұлттық чемпионат өтті

12 Маусым 2022, 12:25
1715
Бөлісу:
Алакөлде триатлоннан алғашқы ұлттық чемпионат өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының Ақши ауылында триатлоннан алғашқы ұлттық чемпионат өтті. Алакөлде өткен жарысқа Elite, U23 және U19 санатындағы 40 спортшы қатысты, деп хабарлайды Қазақстанның триатлон федерациясы.

Elite санатында ерлер арасында Ақтөбе облысының өкілі Дарын Қонысбаев жеңіске жетті. Жүзу бағдарламасын Д.Қонысбаев көшбасшылық позицияда аяқтамады, бірақ бір минутта басымдықпен кетіп, велоэтапта қарсыластарынан озып кетті. Жүгіру кезеңі ақтөбеліктің толық бақылауымен өтті. Жарыс Д.Қонысбаевтың 1:00:22 қорытынды уақытымен жеңісімен аяқталды. 

Жүгіру кезеңінің үздік уақытын Әнуар Тұрубаев көрсетті. Алайда бұл жеңіс үшін жеткіліксіз болды, алматылық екінші орынға (1:00:22) жайғасты. Үштікті Кирилл Рожков (Нұр-Сұлтан) тұйықтады, ол үшін бұл биылғы маусымдағы бірінші подиум болды. 

Elite санатында әйелдерден Алматыдан келген Дарья Бычкова ғана қатысты, ол 1:12:25 уақытын көрсетті.

Өзгелердің жаңалығы