Алакөлде демалушылар арасында төбелес болды

17 Тамыз 2021, 02:00
780
Бөлісу:
Алакөлде демалушылар арасында төбелес болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысындағы Алакөл көлінің жағалауында демалушылар арасында жаппай төбелес болған.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 15-16 тамызға қараған түні көптеген демалушылар келетін Алакөлдегі «Аура» барында болған.

Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жанжал тудырған адамдарды іздеу жүргізілуде. Алайда куәгерлер немесе зардап шеккендер топтық төбелес фактісі бойынша полицияға әлі жүгінген жоқ, – деп хабарлады ведомстводан.
Полицияның мәліметінше, құқық қоғау органдарына кафе әкімшілігі арыз жазған.

Тергеу жүріп жатыр.


Өзгелердің жаңалығы