Алакөл жағасында ата-анасынан адасып қалған бала табылды

Балаға медициналық көмек қажет болмады

 Видеодан кадр 26 Шілде 2025 2025, 12:53
26 Шілде 2025 2025, 12:53
667
Фото: Видеодан кадр

Алакөл көлінің жағалауын патрульдеу кезінде Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасағы ата-анасынан көз жазып қалған баланы тауып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құтқарушылардың қырағылығы мен кәсіби әрекетінің арқасында бала аман-есен ата-анасына табысталды. Оған медициналық көмек қажет болмады.

Баланың әкесі ТЖМ құтқарушыларына жедел көмек пен жауапкершілік үшін алғысын білдірді.

Абай облысы ТЖД мамандары Алакөл жағалауындағы демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күн сайын патрульдеу жұмыстарын жүргізіп келеді.

Наверх