Алакөл туристері үшін қолайсыз жағдай туындағанын түсінеміз – Атамқұлов

2 Маусым 2021, 12:10
4565
Бөлісу:
Алакөл туристері үшін қолайсыз жағдай туындағанын түсінеміз – Атамқұлов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Туристік кезеңде Үржар мен Үшарал қалаларындағы әуежайлардың жөндеу жұмыстарына жабылуы Алакөлге баратын туристер үшін қолайсыздық тудырғанын түсінеміз. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен есеп беру кездесуінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.

Алайда реконструкциядан кейін, келесі жылы Үшарал мен Үржар әуежайларына Boeing және Airbus сияқты реактивті ұшақтар қонатын болады. Бұл келесі туристік маусымда Алакөлге келетін туристердің артуына мүмкіндік береді. Қазіргі күні мұнда ұшу- қону жолақтарын реконструкциялау жұмыстары жүрігізілуде, - дейді министр Атамқұлов.

Оның айтуынша, жөндеу жұмыстары жүргізіп жатқан аралықта Алакөлге баруға ниеттілер үшін теміржол маршруты мен автобустардың саны арттырылады.

Fly Arystan лоукостері маршрутын арттыру мен рейстерді субсидиялау арқылы әуе қатынасы қолжетімді бола түсті. Негізгі басымдық Балқаш, Алакөл, Көкшетауға берілуде. Бұл мақсатқа 2,4 млрд теңге бөлінді.

Қазіргі күні кейбір әуе маршруттары бойынша билет құны теміржол билетінен арзан, - дейді министр.

Оның айтуынша, пандемия азаматтық авиацияға кері әсерін тигізді. Төтенше жағдайлар кезінде ішкі және сыртқы рейстер тоқтады. Жыл басынан бері кейбір рейстердің жандануынан көрсеткіштерде өсім байқалады. Соңғы төрт айда елге келген жолаушылар саны 47 пайызға артқан.

Қазргі күні 47 бағыт бойынша ішкі рейстер, 14 ел бойынша халықаралық рейстер іске қосылған.

Өзгелердің жаңалығы