Алакөлге құбырдан қандай су аққаны белгілі болды

1 Тамыз 2019, 16:25
3296
Бөлісу:
Алакөлге құбырдан қандай су аққаны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алакөл көліне қонақ үйден шығарылған суды төгу оқиғасына қатысты арнайы комиссия жұмыс істеуде. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматы облысы Алакөл көлі жағалауындағы «Көктем Гранд» демалыс орнынан шыққан судың құбыр арқылы көлге құйылып жатқаны туралы бейнежазба Facebook әлеуметтік желісінде таралған болатын. Осы мәселеге қатысты Алакөл ауданында арнайы комиссия құрылып, комиссия өз отырысын өткізді.

Комиссия құрамына аудандық тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, экология, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және аудандық кәсіпкерлік бөлімі мамандары енгізіліп, комиссияға аудан әкімінің орынбасары А.Чалкенов төрағалық етті.

Комиссияның ақпараты бойынша сорғыштан аққан су ешқандай хлорсыз, таза бассейннің көлден алынған суы екені анықталған, қазіргі кезде суды ағызу тоқтатылған. Су соратын сорғыш дәл сол уақытта істен шыққандықтан, ішке алынуы тиіс су керісінше кері қайтқан. 

Мамандардың айтуынша, осы оқиғаға байланысты экологиялық нормаларға сәйкес қонақ үй әкімшілігіне тиісті жауапқа тартылатын болады. Аудандық комиисия қазіргі кезде тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының  мамандары судан қазіргі уақытта зертханалық сынамалар алып жатқанын айтады.


Өзгелердің жаңалығы