Альварес Головкинге қарсы трилогия туралы ойын айтты

16 Ақпан 2021, 20:15
1600
Бөлісу:
Альварес Головкинге қарсы трилогия туралы ойын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екінші орта салмақта WBC және WBA тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы үшінші жекпе-жек туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

TUDN-нің трилогия туралы сұрағына мексикалық боксшы «Бәрі мүмкін» деп жауап берді.

Еске салайық, Головкин мен «Канело» бұған дейін екі рет кездескен: алғашқы жекпе-жек тең есеппен аяқталса, екіншісінде Альварес жеңіске жеткен еді.

Биыл боксшылар үшінші рет жұдырықтасуы мүмкін деген ақпарат тараған. Трилогия нүктесі биыл күзде қойылуы мүмкін.

Ал әзірше Головкин жазда жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Қарсыласы әзірше белгісіз. Альварес болса, 27 ақпанда түркиялық Авни Йылдырыммен жұдырықтасады.

Өзгелердің жаңалығы