Альварес Головкинді нокаутқа түсіретінін мәлімдеді

5 Қаңтар 2021, 18:52
1546
Бөлісу:
Альварес Головкинді нокаутқа түсіретінін мәлімдеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Супер орта салмақта WBC және WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Сауль Альварес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді жеңетініне сенімді, деп жазады Prosports.kz сайты.

Ешкімге ештеңе дәлелдеудің қажеті жоқ. Оны екі мәрте жеңдім. Ешкімге ұсыныс жасамаймын. Мақсатым – 168 фунт салмақта барлық титулды жеңіп алу. Қазір нағыз бабымдамын. Егер үшінші мәрте қолғап түйістірсек, оны нокаутқа түсіре аламын, – деді Альварес.

Өзгелердің жаңалығы