Қазақстандық алғашқы болаттың шығарылғанына 75 жыл толды

29 Шілде 2019, 21:56
1477
Бөлісу:
Қазақстандық алғашқы болаттың шығарылғанына 75 жыл толды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теміртауда қала тұрғындарының сүйікті мерекесі: Металлургтер күні – бір апта бойы атап өтілді. Биылғы жыл шаһар үшін мерейтойлық болды – алғашқы Қазақстандық болаттың шығарылғанына 75 жыл толды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, бағдарлама мерекелік концерттермен, байқаулармен, спорттық жарыстар және концерттермен ерекше есте қалды. Қалада екі рет от шашу атылды. Өткен сенбіде, 27 шілде күні орталық стадионда салтанатты жиын өтті. «Шыңғысхан» неміс тобының қатысуы концерттің шарықтау шегі болды.

Мереке 21 шілдеде «Восток» қалалық мәдениет және демалыс саябағында қолөнершілер жәрмеңкесінен басталған болатын. Кешкісін жергілікті әртістер өнер көрсетті, металлургтерді қала әкімі Ғалым Әшімов құттықтады. Концерт мерекелік отшашумен аяқталды.

Металлургтердің балалары «Әрдайым домна болсын» атты асфальтта сурет салу байқауына қатысты. Ал жұмыскерлердің жұбайлары олардың күйеулері қандай жағдайда еңбек ететінін көріп, комбинатқа экскурсия жасады.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ орталық өткелі алдында Даңқ аллеясы ашылды. Өндірістің 60 алдыңғы қатарлы қызметкерлерінің портреттері Құрмет тақтасына ілінді. Сондай-ақ компанияның үздік жұмыскерлері «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды.

27 шілдеде теміртаулықтар назарына аэрошоу ұсынылды. Орталық стадионға жалаулары бар парашютшілер қонды. 

п.jpg

Фото: дереккөз

Металлургтерді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Парамжит Калон құттықтады. Сонан соң қаланың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерт өтті. Компания атынан 10 хит әндерін орындаған «Шыңғысхан» тобының өнер көрсетуі қала тұрғындары үшін нағыз тосын сый болды. Соңғы «До свидания» әнін орындау кезінде стадион жанында аспанға отшашу атылды.

Өзгелердің жаңалығы