Ақжолдықтар Павлодар қаласына барды

5 Қаңтар 2021, 18:00
1503
Бөлісу:
Ақжолдықтар Павлодар қаласына барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  «Ақ жол» партиясының мүшелері Павлодар қаласына барды. Партияның Павлодар облыстық штабының белсенділері өңірдегі бірнеше кәсіпорында болып, тұрғындармен кездесті. 

Партия мүшелері алдымен «Жана Роса» ЖШС-ны аралап көрді. Бұл кәсіпорын елдегі ең көне сыра зауыттарының бірі. «Жана Роса» көне өндіріс қана емес, өңірдегі озық өндірістердің қатарына жатады. Өйткені зауыт қожайындары сыра өндіру кәсібіндегі ескі дәстүрді сақтай отырып, оны жаңа технологиямен толықтырып, тұтынушыларға ең сапалы өнімді ұсынуды мақсат етіп отыр. Кәсіпорын Olvrieka (Бельгия), Berkefeld, Krones A.G., KHS и NIKO (Германия) секілді шетелдік компаниялармен әріптестік орнатқан. 

«Жана Роса» тек сыра өндірісімен емес, түрлі алкогольды емес сусындарды, шырындарды және минералды су шығаруды да жолға қойып отыр. Кәсіпорынның үлкен ерекшегілі, бұл өндіріс жастардың потенциалына ерекше мән береді. Және өндіріске негізінен креативті жастарды тартуды жөн көреді. 

Кейін ақжолдықтар «Реал-Строй-ПВ» серіктестігінің жұмысшыларымен де кездесіп, олардың ой-пікірін тыңдады. «Реал-Строй-ПВ»  құрылыс компаниясы. Серіктестік негізінен саяжайлар мен коттедждер салуға маманданған. Одан бөлек құрылыс компаниясы кейбір ғимараттарға реконстукция жасайды және жол жөндеу жұмыстарымен айналысады.

Өзгелердің жаңалығы