Ақын Ұлықбек Есдәулет ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды

10 Желтоқсан 2021, 12:48
2387
Бөлісу:
Ақын Ұлықбек Есдәулет ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған мерекелік шара барысында мелекет және қоғамдық қызметтегі сіңірген еңбегі үшін бір қатар алматылық Мемлекеттік наградамен марпатталды.

Салтанатты жиын барысында Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев елдің экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар азаматқа Мемлекеттік награданы табыстады.

Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет үшінші дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.

Алматы қаласының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Қадір Байкенов, Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин, филоглогия ғылымдарының докторы Уәлихан Қалижанов «Парасат» орденімен марапатталды.

Сондай-ақ тағы бірқатар азамат «Құрмет» орденімен марапатталды.

Өзгелердің жаңалығы