Ақылы жүйе тек реконструкциядан өткен жолдарға енгізіледі

8 Маусым 2021, 14:46
1775
Бөлісу:
Ақылы жүйе тек реконструкциядан өткен жолдарға енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл жаңғыртудан өткен бірнеше бағыттағы жолға ақылы жүйе енгізіледі, алайда тариф бағасы өзгерізсіз қалады. Бұл туралы «Қазавтожол» ҰҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазір 682 шақырымдық төрт учаскеге ақылы жүйе енгізілген. Жолдардан түскен қаржы сол учаскелерді күтіп-ұстауға жұмсалады. Бұл жол сапасына және жол бойындағы сервиске оң әсерін тигізеді.

«KAZLOGISTICS» Қазақстан транспорттаушылар кеңесінің бас директоры Ерлан Абсатовтың айтуынша, елімізде ақылы жолдар сапасы мен тарифі тиісті деңгейде.

«KAZLOGISTICS» 40-тан астам елге жүк тасымалдайды. Көптеген елдің аумағынан өтеді. Ақылы жолдар сапасы мен төлемін әлемде бар тәжірибе болғандықтан, онымен бетпе-бет кездесеміз. Сондықтан Қазақстанда ақылы жолдар сапасы мен төлемі тиісті деңгейде деп сеніммен айта аламын, - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда да Ресейдегі сияқты ақылы жолдар 2013 жылы ақылы «Нұр-Сұлтан - Щучинск» жолы іске қосылғанда енгізілді. Бір шақырым көліктің салмағаны қарай 5- 25 теңге аралығындағы тариф сол кезде бекітілді.

Биыл елімізде кезең кезеңімен тағы бірнеше бағыт бойынша жолдарға ақылы жүйе енгізіледі. Жүйе алғашы кезеңде реконстуркциядан өткен бірінші санаттағы жолдарда іске қосылады. Олар Батыс Еуропа – Батыс Қытай - «Қайнар – Тараз», «Тараз – Шымкент», «Шымкент – Түркістан – Қызылорда», «Шымкент – Ташкент», сонымен қатар «Қапшағай – Талдықорған», «Нұр-Сұлтан – Павлодар», «Ақтау – Жетібай – Жаңаөзен», Нұр-Сұлтан, Карағанды, Павлодар жолдарының айналмасы.

Тарифтер бұл ақылы жолдар үшін өзгеріссіз қалады. Елде басқа елдермен салыстырғанда тарифтер төмен екенін айта кеткен жөн. Аталған учаскелермен жүретін шетелдік тасымалдаушылар жолдарды тегін пайдалануда. Ал біздің тасымалдаушылар өзге елдерде жолды жоғары тарифпен пайдаланып келеді. Мысалы Ресейде ақылы жолдар тарифі бір шақырым үшін 7-55 теңге аралығында, Белоруссияда 47-77 теңге аралығында, Қытайда бір шақырым жол құны – 70 теңге, - делінген хабарламада.

Қазір мемлекет, бизнес және тасымалдаушылар арасында жолдардың инфрақұрылымы мен сервисті жақсарту бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы