Ақылы жол. Жөндеу жұмыстары аяқталмаған учаскеде төлем алынбайды

24 Қараша 2021, 16:33
1124
Бөлісу:
Ақылы жол. Жөндеу жұмыстары аяқталмаған учаскеде төлем алынбайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Асқар Мұратұлы айтты.

Қазіргі уақытта автожол инфрақұрылымын дамыту, жол бойындағы сервис нысандарын дамыту мәселелері бойынша жұмыс жандандырылды, ол Мемлекет басшысының сыни пікірлерін, жұртшылықтың пікірін ескере отырып жүргізіледі және қызмет көрсету деңгейі жоғары жол бойындағы сервис нысандарын құру және дамыту арқылы автожол пайдаланушыларына қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған, -деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы.

Сонымен қатар ол апаттық учаскелерді кесіп өту және пайдалану үшін ақы алынбайтынын айтты.

Апаттық учаскелерді кесіп өту және пайдалану үшін ақы алынбайды. Атап айтқанда, тоннель құрылысы жүргізіліп жатқан Тараз-Шымкент учаскелерінде (ұзындығы 39 шақырым, 593-532) және Нұр-Сұлтан-Павлодар учаскесінде (ұзындығы 24 шақырым, 235-259) ақы алу көзделмеген, - деді Асқар Мұратұлы.


Өзгелердің жаңалығы