Акциз мөлшерлемелерін арттыру бензин мен дизель отыны бағасына әсер етпейді

14 Ақпан 2022, 18:10
1716
Бөлісу:
Акциз мөлшерлемелерін арттыру бензин мен дизель отыны бағасына әсер етпейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Акциз мөлшерлемелерін арттыру бензин мен дизель отыны бағасына әсер етпейді, деп хабарлады ҰЭМ баспасөз қызметі. 

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында берген тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі «Бензинге (авиациялықты қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, нефрасқа, жеңіл көмірсулар қоспасы мен экологиялық отынға арналған акциздердің мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі.

Жобада мыналар көзделеді:

- бензин, газохол, бензанол, нефрас, жеңіл көмірсулар қоспасы мен экологиялық отынды көтерме саудада өткізуге арналған акциздер мөлшерлемелерін 1 тонна үшін 24 435 теңгеден 38 134 теңгеге арттыру;

- өндірушілердің дизель отынын көтерме саудада өткізуге арналған акциздер мөлшерлемесін 1 тонна үшін 9 300 теңгеден 35 726 теңгеге дейін ұлғайту;

- дизельдік отын акциздерінің маусымдық өзгеруін болдырмау; 

- дизельдік отын импортының тең мөлшерлемесін белгілеу;

- дизельдік отынға ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарын нақтылау.

Акциз мөлшерлемелерін арттыру мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін қосымша қаражат тартуға мүмкіндік береді. 

Бұл ретте, «Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 361 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығына сәйкес ЖЖМ бөлшек сауда арқылы өткізуге шекті бағалар белгіленгендіктен, ЖЖМ бағасы өспейді.

Құжаттың толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады.

Өзгелердің жаңалығы