Ақтоты Райымқұлова халықаралық театр күнімен құттықтады

27 Наурыз 2021, 09:00
3135
Бөлісу:
Ақтоты Райымқұлова халықаралық театр күнімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова халықаралық театр күнімен құттықтады.

Қадірменді сахна шеберлері! Ардақты өнер майталмандары! Құрметті театр қызметкерлері! Сіздерді Халықаралық театр күнімен құттықтаймын! Халықаралық театр күні – бұл театр қайраткерлерінің кәсіби мерекесі ғана емес, күллі өнерсүйер қауымның мерекесі. Ұлы өнердің ұлықталар күні. Көрермен көңілін нұрға, жүректерін жырға бөлеп, халқымыздың ұлттық құндылықтарын ұлықтап, өнерсүйгіш ұрпағымызды тәрбиелеу жолындағы игілікті еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер. Баршаңызға театр өнеріне, елге, халыққа қызмет ету жолында зор денсаулық, шабыт-шалқар, шығармашылық табыс тілеймін! Ұлтымыздың саф өнерін жандандырып, биік белестерден көріне беріңіздер!, - деп жазылған министрдің құттықтау хатында.

Өзгелердің жаңалығы