Ақтөбенің жылу беретін компаниялары халыққа 26 млн теңге қайтарады

8 Маусым 2021, 23:40
1457
Бөлісу:
Ақтөбенің жылу беретін компаниялары халыққа 26 млн теңге қайтарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл шешімді ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті шығарды. Арнайы тексерудің нәтижесінде бірнеше компанияның халықтан негізсіз төлемақы алып келгенін көрсеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Департамент 2020-2021 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы бойынша, жылумен жабдықтау қызметінің құнын қайта есептеп шығарған.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде тұтынушыларға қайтаруға жататын сома 26 045 931 теңгені (ҚҚС есебімен) құраған.

Оның ішінде «Aqtobe su-energy group»  АҚ-ы – 24 327 578 теңгені,  «Бадамша сервис» КМК – 659 891 теңгені, «Коммунальщик» МКК – 435 740 теңгені, «Шубаркудык жылу» КМК – 168 380 теңгені, «Алга-жылу» КМК – 161 942 теңгені, «Улы борсык» КМК – 160 256 теңгені, «Эмба жылу» КМК – 72 622 теңгені, «Жем жылу» КМК – 39 271 теңгені, «Кобда суы» КМК – 11 914 теңгені, «Никельтау жылу» КМК 8 338 теңгені қайтаратын болды.

 Сонымен қатар, барлық тұтынушының жалпыүйлік жылу есептеу аспабын қолдануға көшу барысында тұтынушылар төлемдерді жылу энергиясының нақты пайдаланған көлемі бойынша жүргізеді. Тиісінше қайта есептеуді жүргізу қажеттілік етпейтінін атап көрсету қажет.




Өзгелердің жаңалығы