Ақтөбеліктер арасында телефон алаяқтарына алданып қалатындар жиілеген

27 Ақпан 2021, 13:09
1550
Бөлісу:
Ақтөбеліктер арасында телефон алаяқтарына алданып қалатындар жиілеген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбелік полицейлер өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстыратын телефон алаяқтары туралы ескертеді. Алаяқтар азаматтарға қоңырау шалып, өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстыратын және ақша қаражатының сақталуын қамтамасыз ету сылтауымен оларға банк карталарының дербес деректерін хабарлауға мәжбүр етеді.

Сонымен қатар, алаяқтар тіпті құрбандарын өз шоттарынан ақша алуға және оларды терминалдар арқылы белгісіз тұлғалардың шоттарына, сондай-ақ ұялы телефон нөмірлеріне тіркелген шоттарға аударуға көндіре алады.
Олар клиенттерге өз карталары бойынша күдікті операциялар туралы хабарлайды және банктер жүйесіндегі транзакцияларды болдырмау үшін клиенттерден ЖСН, төлем карточкаларының деректемелерін және ұялы телефондарға келіп түсетін бір реттік СМС-кодтарды сұрайды. Құпия деректерді алғаннан кейін зиянкестер «Интернет-банкинг» қызметі арқылы карта-шоттардан ұрлық жасай бастайды. Егер, хабарласқан қызметкерге күмән тудырсаңыз, банктердің филиалдарына тікелей хабарласуды ұсынамыз. Ең бастысы, ешқандай жағдайда телефон қоңырауларына сенуге болмайтындығын есте ұстаңыз, - деді ПД бастығы Атығай Арыстанов.
Айта кетейік, аталған қылмыс үшін он жылға жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.






Өзгелердің жаңалығы