Ақтөбелік полицейлерге қызметтік автокөліктің кілті табыс етілді

11 Қараша 2020, 15:08
1262
Бөлісу:
Ақтөбелік полицейлерге қызметтік автокөліктің кілті табыс етілді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 қарашада Ақтөбе облыстық полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Атығай Арыстанов Жергілікті полиция қызметі басқармасының базасында гарнизондық ауысу және қоғамдық тәртіпті сақтауға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге түсетін полиция нарядтарына нұсқама өткізді, деп хабарлайды облықтық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Полиция департаментінің басшылығы қала көшелерін патрульдейтін күштер мен құралдардың дайындығын тексерді. Қызметке кірісетін жеке құрамға жедел жағдай, қылмыскерлерді, хабар-ошарсыз жоғалғандарды іздестіру бойынша, ұрланған автокөлік, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен жеке құрам арасындағы қылмыстарды болдырмау бойынша бағдар берілді. 

атыгай.jpeg

Басшылық нарядқа түсетін жеке құрамның сыртқы келбетін және жеке құжаттамасын тексерді. Гарнизондық ажырасу аясында №9 үздік учаскелік пунктіне Мемлекет басшысының қатысуымен өткен ведомство алқасының соңғы отырысында бұған дейін ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтан алынған жаңа қызметтік автокөліктің кілті табыс етілді.

атыгай2.jpeg


Өзгелердің жаңалығы