«Ақтөбеге» салынған тыйым алынбады

3 Шілде 2019, 22:23
1664
Бөлісу:
«Ақтөбеге» салынған тыйым алынбады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ақтөбе» футбол клубының 2019 жылғы жазғы трансферлік кезеңде жаңа ойыншыларды тіркеуіне мүмкіндік жоқ. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

«Басшылықтың күш салып тырысқанына қарамастан, ФИФА клубтың 2019 жылдың жазғы тіркеу кезеңінде жаңа ойыншыларды тіркеуге салынған шектеуді сол күйі қалдырды», - делінген баспасөз хабарламада. 

Айта кетейік, «Ақтөбе» клубының директоры Самат Смақов бұған дейін клубтың барлық қарызы төленгенін айтқан болатын. 

«2016 жылы ойнаған футболшылардан – Аделейе, Митошевич, Неко, Николич, Сорокин, Петролай, Цвейба, және бапкерлік штабтан Уткульбаев, Шрибл, Козко, Нечаев, Деменконың қарыздарынан құтылдық. Ал 2017 жылғы маусымнан – Муарем, Шимкович, Кассиано, Обрадович, Савич, Симович, Нейн, Порье, Колчак, Жуниор және бапкер Муханов келісімшартта көрсетілген қаржыларын алып үлгерді. Сонымен қатар қазақстандық ойыншылар – Айтбаев, Байтана, Шестаков, Жүнісов, Аслан, Розыбакиев, Зенькович, Сидельников бар. 2015 жылы ойнаған Антоновтың да ақшасын төледі.  Біз енді қазақстандық ойыншылармен есептесуіміз керек. Олардың ішінде Юрий Логвиненко, Марат Хайруллин, Валерий Коробкин және басқа да ойыншылар бар. Жігіттерге сабыр сақтап, түсіністік танытқандарына тағы да рахмет айтамын. Біз бәрімен есептесеміз. Міндетті түрде», - деген болатын Смақов.
Өзгелердің жаңалығы