Ақтөбеде жол апатынан үш адам көз жұмды

9 Маусым 2021, 03:56
1729
Бөлісу:
Ақтөбеде жол апатынан үш адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде жол апатынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.

8 маусым күні сағат 16.00-де «ВАЗ» 2110 автокөлігінің 55 жастағы жүргізушісі К.Нокин даңғылы мен Шернияз көшесінің қиылысында екінші кезектегі жолдан шығу кезінде басты жолға жақындаған көлік құралына жол бермей ЗИЛ 130 жүк көлігімен соқтығысты.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-2110 автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы (19 жастағы қыз бен 62 жастағы әйел) оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар, тағы екі жолаушы мен бір жастағы бала дене жарақатын алып медициналық мекемеге жеткізілді.

Ақтөбе облысы полиция департаменті жүргізушілерден жол ережесін сақтауды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы