Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында заңсыз аң аулау фактісі анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
22 қазанда Бекқұл баба ауылының маңында полицейлер Mitsubishi Pajero автокөлігін тоқтатты, көліктің салонынан тіркелмеген ұңғылы аңшылық мылтық табылды.
1980 жылы туған Белогорка ауылының тұрғынының айтуынша, ол қоян аулауға шыққан.
Белогорка ауылының тұрғынына ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленуі, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Қару бойынша тиісті сараптама тағайындалды, - делінген хабарламада.