Ақтөбеде тұрмыстық қалдықты өңдеу көлемі артады

20 Тамыз 2021, 20:02
1176
Бөлісу:
Ақтөбеде тұрмыстық қалдықты өңдеу көлемі артады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлер мен арнайы техника қала әкімдігіне тапсырылды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтөбеде тұрмыстық қалдықты өңдеу көлемі артады

ӨКМ Операторы Ақтөбе шаһарында қалдықтарды бөлек жинау инфрақұрылымын дамыту үшін арнайы контейнерлер мен техникаларды сатып алды. Макулатура, пластик, шыны қалдығын тастауға арналған барлығы 1 443 контейнер және қалдық шығаратын 6 жаңа техника сатып алынған.

Ақтөбеде тұрмыстық қалдықты өңдеу көлемі артады

Аймақта қатты тұрмыстық қалдықты бөлек жинау төрт фракция бойынша жүзеге асырылатын болады, яғни қайта өңдеуге жарамды қалдықтар үшке бөлініп тасталады. Торлы контейнерге пластик-металл қалдығы, жасыл түсті контейнерге қағаз-картон, көк түсті контейнерге шыны қалдықтары салынады. Ал органикалық және өңделмейтін қалдықтар бұрынғы контейнерге салынатын болады, - деді «ӨКМ Операторы» ЖШС басқармасының төрағасы Медет Құмарғалиев.

Бүгінгі таңда шыныға арналған 481, пластикке арналған 87 және қағаз-картон қалдығын салуға арналған 71 контейнер әкімдікке ресми түрде берілді. Қалған 804 контейнер жыл соңына дейін кезең-кезеңімен өткізілетін болады.

Ақтөбеде тұрмыстық қалдықты өңдеу көлемі артады

Сондай-ақ, ӨКМ Операторы тұрмыстық қалдықты бөлек жинау инфрақұрылымын ұйымдастырудың негізгі жобасы аясында жылына 100 мың тонна тұрмыстық қалдықты сұрыптайтын автоматты кешенді сатып алды. Аталған кешен биыл іске қосылады. Бұл жобаны жүзеге асыруға барлығы 1,3 миллиардтан астам теңге бөлінді.

Ақтөбеде тұрмыстық қалдықты өңдеу көлемі артады

Жергілікті бюджеттен және қоқыс шығаратын ұйымдар есебінен тамақ қалдықтарын жинауға арналған 780 контейнер сатып алынатын болады. Қайталама шикізатты қабылдайтын 10 стационарлық бекетті орнату және сұрыптау кешеніне арналған ғимараттың құрылысы қаржыландырылды.

Ақтөбеде тұрмыстық қалдықты өңдеу көлемі артады

Шығындарды ешқашан тұтынушылар көтермеуі керек,- деп атап өтіп, қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін дамыту шараларын жүзеге асыруды тапсырды.

Аталған кешенді жұмыс өңірдегі қалдықтарды қайта өңдеу көлемін ұлғайтуға, тұрмыстық қалдықты бөлек жинау инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді. Атап айтқанда, жарын қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін кемінде 30%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы