Ақтөбеде сот шығынын өтемей жүрген сотталғанды жұмысқа тұрғызды

24 Қаңтар 2021, 09:12
989
Бөлісу:
Ақтөбеде сот шығынын өтемей жүрген сотталғанды жұмысқа тұрғызды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде Пробация қызметі табысы болмағаннан сот шығынын өтемей жүрген сотталғанды жұмысқа тұрғызды.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Темір аудандық пробация қызметі табысы болмағандықтан, сот шығынын өтемей жүрген есепте тұрған сотталғанды ақылы жұмысқа орналастырды. 

Темір аудандық прокурорының орынбасары Нұрбек Ильясовтың жетекшілік етуімен және сотталған тарапынан мемлекет қорына келтірілуі тиіс шығындарды өндіруге жауапты сот орындаушысының қатысуымен өткен кездесуде сотталғанның басқа да мәселелері шешімін тапты. 

Айта кету керек, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабымен бас бостандығынан шектеу жазасына 4 жылға сотталған азамат бұған дейін Пробация қызметі тарапынан ұсынылған бірқатар жұмыстан бас тартып келген болатын. 

 Сотталған Б.-ның бүгінге дейін үкіметке берешегі көбейгендіктен, жеке сот орындаушысы оның жалақы алатын жеке есеп шоттарын бұғаттап тастаған. Аудан прокурорының ықпалымен сотталғанның жеке есеп шоты бұғаттан ашылды. Сонымен қатар осы кездесуде жұмыспен қамтудың әлеуметтік-құқықтық бағдарламасы аясында жұмысқа тұрған сотталған Б. жергілікті әкімдік ұйымдастыратын ақылы қоғамдық жұмыстарды жасайтын болады. Бір жағынан мұндай жұмыс түрі сотталғанның сот шығындарын өтеуге көмектесумен қатар, оның қоғамға бейімделуіне көмегін тигізеді деп сенеміз,- дейді Темір аудандық пробация қызметі бөлімшесінің бастығы әділет майоры Ренат Жұмабаев. 

 


Өзгелердің жаңалығы