Ақтөбеде пәтердегі дуаны жоямын деген алаяқ 400 мың теңге алған

24 Желтоқсан 2020, 22:12
1711
Бөлісу:
Ақтөбеде пәтердегі дуаны жоямын деген алаяқ 400 мың теңге алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 желтоқсанда Ақтөбе облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бірқатар алаяқтық жасағаны үшін 35 жастағы әйелді ұстады. 

Ағымдағы жылдың 30 қарашасында күдікті жәбірленуші жұмыс істейтін қаланың сұлулық салондарының біріне келіп, өзін жарнамалап, болжай алатындығын және дуаны жою керектігін айтты. 

Бөтеннің мүлкін иелену үшін балгер әр түрлі айла-әрекеттер жасаған. 40 жастағы жергілікті тұрғынды алдап, үйіне салынған дуа бар екендігін айтқан. «Көріпкел» барлық қиындықты жою үшін белгілі бір рәсімді орындау керектігін, ол үшін ақша қажет деп сендірген. Сенгіш жәбірленуші дуа туралы әңгімеге алданып, күдіктіге қызметі үшін 400 мың теңгеден аса ақша берген. Кейіннен қылмыс құрбаны алданғанын сезіп, полиция қызметіне жүгінген, - деп хабарлады Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.

Қазір күдіктіге қатысты ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 

Ақтөбе облысының Полиция департаменті оның бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығына тексеру жүргізуде. 

Осыған байланысты, азаматтардан бейтаныс күдікті адамдармен әңгімелесуден сақ болуды, қырағы болуды және алаяқтардың айла-амалдарына түспеуді сұраймыз. Жеке жинақ ақшаңызды бейтаныс адамдарға сеніп тапсырмаңыз, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы