Ақтөбеде қосымша вакциналау пункттері ашылуда

12 Шілде 2021, 23:12
2293
Бөлісу:
Ақтөбеде қосымша вакциналау пункттері ашылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде вакцина салатын қосымша пункттер ашылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Медицина қызметкерлері сауда орындарына да жайғасты. Жергілікті гипермаркет желісі мен орталық базар әкімшілігі қауіпті дертке қарсы екпе салу пункттерін ұйымдастыруға көмектесті.

Өңірде ақпан айынан бері 168 мың тұрғын вакцина салдырған. Бұл әзірге жоспардың тек 30%-ы ғана. Қазір жұқпалы аурудың таралуы дендеп барады. Соңғы тәулікте 55 адам індетке шалдыққан. 18 науқастың жағдайы ауыр.

Инфекциялық ауруханаларда 244 адам ем алуда. Ақтөбе қаласы бойынша 180 адам, аудандар бойынша 64 адам. Бір науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. 15 науқас өкпені инвазивті желдету аппаратына қосылған. Инфекциялық керуеттер жүктемесі біртіндеп өсіп келе жатыр. Сондықтан біз қазір қосымша инфекциялық стационарды ашуды қарастырып отырмыз, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.



Өзгелердің жаңалығы