Ақтөбеде екі мектептің үш ауысымдық мәселесі шешілді

10 Қазан 2019, 21:00
1538
Бөлісу:
Ақтөбеде екі мектептің үш ауысымдық мәселесі шешілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаладағы екі мектепке жапсарлас салынған ғимараттардың құрылысы аяқталды, деп хабарлады Aktobenews.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Қала басшысы Мавр Абдуллин екі мектепке жапсарлас салынған ғимараттың сапасын бақылады. Құрылыс жұмыстарымен айналысқан "РусТал" ЖШС өкілдері қала басшылығына екі ғимаратты таныстырды. Біріншісі 21 мектеп-гимназиясы, екіншісі 27 мектеп-лицейіне жапсарлас салынған. Соның арқасында мектептердегі үш ауысымдық мәселесі шешілді.

"Мәселен, осыған дейін әр класта 38-40 баладан отырды. Қазір әр класта 25-30 оқушы білім алатын болды. Әр жапсарлас орналасқан ғимаратта бір ауысымда 200 бала оқи алады", - деді қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Жұлдыз Шалабаева.


Өзгелердің жаңалығы