Ақтөбеде биыл 220 аула абаттандырылады

25 Тамыз 2021, 19:19
1176
Бөлісу:
Ақтөбеде биыл 220 аула абаттандырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде аула аумақтарын абаттандырудың ауқымды жұмыстары жүргізілуде. Биыл барлығы 220 аула жөнделеді. 

25 тамыз, сәрсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, 5, 8 және 11-мөлтек аудандар мен Ш.Қалдаяқов көшесінің аулаларын қарап шықты.

Мердігер мекемелердің басшылары жобалардың жүзеге асырылуы жайлы есеп берді.

Есет батыр мен Ш.Қалдаяқов көшелерінің қиылысынан Абай даңғылына дейінгі алаңда орналасқан көпқабатты үйлердің барлық ауласында жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Сондай-ақ 8 мөлтек ауданда да нысандар бар. Алты ауланы аяқтап қалдық. ПИК-тің, тұрғындардың қалауын білу үшін алдын ала, жұмыс басталғанға дейін олармен кеңесеміз. Бір жерін кеңейтуді, бір жерін алып тастауды сұрап жатады. Соның бәрін ескеріп, тапсырыс берушімен келісеміз. Тұрғындар тарапынан ешқандай наразылық болған жоқ, керісінше олар ризашылықтарын білдіреді, - дейді «Ақтөбе адал құрылыс» ЖШС директоры Ахметбек Сүлейменов.

Абаттандыру кезінде аулалардың асфальт-бетон жабындылары алмастырылып, аулаға кіретін жолдарға асфальт төселіп, көлік тұратын аумақ жасалады.

Өткенде сіздер мұнда болғансыздар, балалар алаңы, асфальт болады деп уәде берген едіңіздер. Бір ай болған жоқ уәде орындалды. Тұрғындар риза. Сөзіңізге сенуге болады екен. Рахмет!, - деді ауласы жөнделген тұрғындардың бірі алғысын айтып.
Ал облыс әкімі жаңартылған кеңістікке ұқыпты қарап, аула мен үйдің кіреберісін таза ұстауға шақырды.

11 шағын ауданда жөнделіп жатқан аулалардың бірінің тұрғындары балалар алаңын орнатуды сұрады. Оңдасын Оразалин өтініштері биыл орындалатынына сендірді. Осы жылы қаладағы көпқабатты үйлердің аулаларында барлығы 67 балалар ойын алаңы орнатылмақ.

Қаланы қызмет бабымен аралау Әуе қалашығы шағын ауданындағы «Ақ желкен» аула клубында жалғасты. Мұнда балалар бимен, радиотехникамын айналысып, музыкалық аспапта ойнай алады,3D модельдеуді және т.б. үйренеді.

Аула клубы ашылысымен Әуе қалашығының, сонымен қатар, соған жақын жатқан аудандардың тұрғындары балаларын үйдің қасындағы үйірмелерге апара алатын болады.

Әрбір ата-ана баласының жан-жақты дамығанын қалайды. Дегенмен баланы қаланың басқа бөлігіндегі үйірмелер мен секцияларға апару қолайсыз. Біз мұны түсінеміз, сондықтан қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін қосымша білім беру жүйесін мүмкіндігінше бүкіл қала бойынша орналастыру міндетін қойдық. Осындай міндетті Нұр Ақтөбеге де қойып отырмыз, ол жақта жаңа ғимарат салынатын болады. Ал бұл жерде ғимаратын қайтарымсыз беріп отырған әуежайға алғыс айту керек. Біз соны жөндеп, аула клубына лайықтадық, - деді Әуе қалашығы тұрғындарымен тілдескен облыс әкімі.
Ол сондай-ақ үйлерді жөндеу, қасбетін сырлау және т.б. сынды Әуе қалашығын абаттандыру жұмыстары басталатынын жеткізді.
Аула клубының ашылғанына шексіз ризамыз, бізге осындай орын расымен қажет болатын. Енді біз балаларымызды пайдалы іспен айналыстыра аламыз. Ауданымызға абаттандыру жұмыстары да керек. Тек қаланың орталығына ғана көңіл бөлініп жатпағаны қуантады, - деді Әуе қалашығы тұрғыны Анна Петровна.
Облыс әкімі жұмыс сапарының соңында Ақтөбе қаласындағы әуежайдың бұрынғы қонақ үй ғимаратының жөндеу жұмыстарымен танысты. Нысан Ақтөбе облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментіне әскерге шақырушылар бекетін ұйымдастыру үшін берілген.
Өзгелердің жаңалығы