Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екі күн ішінде “Мигрант” жедел алдын алу іс-шарасы барысында 30 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара барысында 1-5 ақпан аралығында ПД Көші-қон қызметі басқармасы заңсыз көші-қон арналарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған адамдарды анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.
Негізінен шетелдіктер республикада болу ережелерін бұзады.
Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін барлығы – 39 азамат, оның ішінде 30 шетелдік және тоғыз Қазақстан Республикасының азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, соттың шешімімен 10 шетелдік елден шығарылды.