Ақтөбе полицейлері 130-дан астам қаруды жойды

9 Наурыз 2021, 17:39
1922
Бөлісу:
Ақтөбе полицейлері 130-дан астам қаруды жойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция қызметкерлері 89 дана тегіс ұңғылы қаруды пешке салды. Оның ішінде 8 кескіш, 37 газ және жарақат салатын тапанша болған, деп хабарлады Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жойылған қару тізімінде 3 мылтық, 1 пышақ және 1 кастет бар. Барлығы 139 қару мен оның қосалқы бөлшектері жойылды. Иелері өз еркімен тапсырған аңшылық мылтықтар және сот шешімі бойынша жойылуға жататын қылмыскерлерден алынған қару жойылуға жатады.

Қаруды пешке жібермес бұрын, комиссия салыстыру жүргізді, содан кейін ғана мылтық бар сөмкелер қайта балқытуға жіберілді. Арнайы құрылған комиссия құрамына Полиция департаментінің, прокуратураның және т.б. қызметкерлері кірді.

Өзгелердің жаңалығы